Қызылордада көше шамдарын сындырған екі қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Динара Амантай

Тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: видеодан скриншот

Қызылордада көше шамдарын сындырған екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұзақы жастар бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. ЖБО инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді.

12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады.