Halyq Uni логотип
×

Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 20.09.2024 | 11:12
Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды
Фото: asker.kz

Аягөз қаласында әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта болған.

Гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама