Психотропты заттарды сатқан бір топ жас сотталды
Олардың кінәсі сотта дәлелденді
Павлодарда психотропты заттарды сатумен айналысқан бір топ жасқа сот үкіміне шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қылмыстық топтың ісі қаралды. Онда 9 адам болған.
Облыстық прокуратура мәліметінше, күдіктілер психотропты заттар мен олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындады, тасымалдады және сақтағаны үшін сотталды.
Барлық қатысушыға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олардың басым бөлігі қылмыс жасаған кезде 20 жастан асқан, - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.