2009 жылғы жасөспірім Степногорскідегі көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды
Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы №2 орта мектептің директоры Раиса Қоңырова оқушылар төбелесінен кейін жұмыстан шығып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұйрық шықты, онымен директор танысты. ҚР Еңбек кодексінің 49-бабы 3-тармақшасы («Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу») және 52-бабы 1-тармағының 16-тармақшасы («Кезінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкердің еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен тағы да орындамауы») негізінде еңбек шарттары бұзылды, - деді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.
Сонымен қатар ол директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты мәселе әлі қаралып жатқанын айтты.
Біз бұл мектепті үнемі бақылауда ұстайтын боламыз. Кешке ата-аналар жиналысын өткіземіз, - деп сөзін толықтырды Ботагөз Балапайқызы.
Айта кетсек, 16 қыркүйекте аталған мектептің 10, 11 және 9-сынып оқушылары арасында қақтығыс болған еді. Төбелес салдарынан 2009 жылғы жасөспірім Степногорскідегі көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оған бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, сондай-ақ ретроградтық амнезия (есте сақтау қабілетінің ішінара бұзылуы) диагнозын қойды. Жасөспірім әлі емделіп жатыр.
Ресми органдардың алғашқы ақпаратында бәрі ештеңе болмағандай көрсетілген.
Үзілісте екі дос әзілдесіп, күресіп, біріншісі екіншісін иығынан асыра лақтырғанда ол қатты құлап түсті, - делінген.
Бірақ көп ұзамай Zakon.kz тілшісіне басқа оқушылар хабарлама жазып, жоғары сынып оқушылары кіші сыныптағылардан ақша бопсалайтынын айтқан. Олардың айтуынша, бұл жолғы төбелеске де ақша бопсалау жайы түрткі болған, ал оқиғаға қатысушылар екі емес, одан да көп. Болған жайт мектептің қауіпсіздік камераларына түсіп қалған. Балалар да, олардың ата-аналары да аталған бейнежазбалар жойылып кетпейтін болар деп үміттенеді.