Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды
Павлодар облысында колледждің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында педагогке пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, педагогке медициналық көмек көрсетілген. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Жағдайды анықтау үшін студент қамауға алынған.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқытушы арқа аймағындағы пышақ жарақатымен түскен. Жараны хирургиялық өңдеу жүргізіліп, тексерудің қажетті әдістері жүргізілген. Қазір хирургия бөлімінде ем алып жатыр.