Төтенше жағдай тіркелді
Абай облысындағы өрт кезінде үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Семей қаласында К.Бозтаев көшесі бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 6-қабатындағы пәтерде от шықты.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте дереу газ-түтіннен қорғау қызметі құрылып, барлау барысында жиһаздар мен жеке заттардың жанғаны анықталды, – деп қосты ведомство.
ТЖД күші түтінге оранған кіреберістен 15 адамды эвакуациялап, құтқару қалпақтарының көмегімен 3 адамды құтқарды. 10 шаршы метр аумақтағы жалын жойылды. Зардап шеккендер жоқ.