Halyq Uni логотип
×

Төрт айда 70 мыңнан аса әйел арнайы вагондармен қатынаған

Биыл қосымша үш бағытта тасымалдау қызметі іске қосылды

 Динара Амантай 19.09.2024 | 13:42
Төрт айда 70 мыңнан аса әйел арнайы вагондармен қатынаған
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Жазғы маусымның басынан бастап 70 мыңнан астам әйел «Жолаушылар тасымалы» АҚ әйелдер пойыз вагондарын пайдаланды. Өткен жылы көрсеткіш 55 мың адам болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қосымша үш бағытта әйелдерге арналған вагондарын іске қосу туралы шешім қабылданды. Қазір әйелдерге арналған вагондар 11 бағыт бойынша қатынайды:

  • №354/353 «Астана - Семей»,
  • №24/23 «Ақтөбе - Алматы»,
  • №25/26 «Алматы - Шымкент»,
  • №77/78 «Алматы - Маңғыстау»,
  • №351/352 «Алматы - Өскемен»,
  • №45/46 «Павлодар - Түркістан»,
  • №37/38 «Маңғыстау - Семей»,
  • №47/48 «Атырау - Астана»,
  • №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»,
  • №4/3 «Астана - Алматы-2»,
  • №71/72 «Астана - Шымкент».

Барлық жолаушы әйелдер үшін қолжетімді болу мақсатында әйелдер вагондарына билеттердің бағасы стандартты билеттердің құнымен теңестірілген.

Әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады. Сонымен қатар, олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар да саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама