Қылмыстық іс аясында 13 адам анықталған
Ішкі істер министрі орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада секс-құлдыққа түскен оқушының ісі бойынша 13 күдікті анықталғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұл іс бойынша 13 күдікті анықталды. Оның 11-і ұсталды, қалған 2 адам үй қамаққа алынды. Қазір полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу тобы бәрін, оның ішінде «клиенттерді» де тексереді, - деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, Қызылордада 16 жастағы қыздың жағдайы туралы «Немолчи» қорының басшысы Дина Смаилова әлеуметтік желіге жазған. Оның сөзінше, қызды өзінің сыныптастары туыстарымен қосылып, ақпаннан бастап жезөкшелікке салған.
Содан кейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева аймақтық уәкілдің бірден қызбен және анасымен кездесіп, психологиялық және медициналық көмек ұйымдастырылғанын хабарлады.