Вейптерді заңсыз сатқан қостанайлықтың ісі сотқа жолданды
Ол тауарды Ресейден әкеліп отырған
17 қыркүйекте Қостанай облысының прокуратурасы электронды темекені (вейптерді) заңсыз әкелу, сату және тарату туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі жедел тергеп-тексеру хаттамасын бекітті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағында вейп сатып алатынын, оны ел аумағына заңсыз әкелетінін және кейіннен өзі құрған «Telegram» арнасы арқылы сататынын анықтады.
Айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде 7 498 дана вейп өнімі табылып, тәркіленді.
Күдіктінің әрекеттері қылмыстық кодекстің 301-бабы-1-бөлігі,1, 2-бөлігі («Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) әкелу, сату және тарату») бойынша сараланған. Баптардың санкциясы мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.