Halyq Uni логотип
×

СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызды анасы пышақтап тастады

Баланың жағдайы ауыр

 Халық үні 19.09.2024 | 07:44
СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызды анасы пышақтап тастады
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында әйел 11 жастағы қызын пышақтап тастады. Елді дүрліктірген оқиға туралы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алдын ала болжам бойынша, анасы 11 жастағы қызына пышақты үй тапсырмасын орындамағаны үшін сұғып алған. Бала облыс орталығындағы ауруханаға жатқызылып, кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалды. Комиссия құрылып, сараптамалар жүргізіліп жатыр. Іс Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық комиссардың бақылауында, - деп жазды Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, өз анасының қолынан зардап шеккен қыз үйдегі 6 баланың бірі екен. Бәрі бір шаңырақтың астында ата-әжелерімен бірге тұрады.

Қазір мәселенің мән-жайын Бала құқығы жөніндегі уәкіл өзінің жеке бақылауына алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама