×

Жамбыл облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Тағы бір алқап анықталды

 Қымбат Елтайқызы 18.09.2024 | 14:20
фото: polisia.kz

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары ірі есірткі алқабын жойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Таразда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп, өсіру және есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау күдігі бойынша 36 жастағы тұрғын ұсталды.

15 қарасора бұтасы бар плантацияны сақшылар ҰҚКД-мен «Қарасора-2024» іс- шарасын бірлесіп жүргізу аясында анықтап, жойды. Құрықталған азамат құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өз ауласында  өсіріп, суарып, жақсы күтімге алған. Сондай-ақ күдікті тұратын үйдің аумағындағы сарайдан тыйым салынған заттар қойылған жасырын орындар табылды, – делінген ақпаратта.

«Кептірілмеген марихуананың жалпы салмағы – 39 келі 670 грамм. Күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, осы іске қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауға, өсіруге және сатуға байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша «Қарасора» арнайы операциясы олардың белсенді өсуінің барлық кезеңінде, яғни маусымнан қазанның соңына дейін жүргізіледі», – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама