Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлік айыппұл арқалады

Динара Амантай

Ол жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Фото: видеодан скриншот

Семейде сиырларды жеңіл көлікке тиеген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Абай облысының тұрғыны «Жигули» маркалы көліктің салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Бейнежазбадан бұзаулар көліктің артқы орындықтарына жайғастырылғаны көрінеді.

35 жастағы «ВАЗ-21060» көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.

Аталмыш баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.