Түркістанда марихуананы сіріңке қорабында жасырған тұрғын ұсталды
Қазір тергеу жүріп жатыр
Түркістан облысының тәртіп сақшылары аудан тұрғынынан марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Мақтаарал ауданының тұрғынын құрықтады. Жедел уәкілдер күдікті тұрғынның үйін тінту кезінде сарайынан сіріңке қорабы мен қағаз орамаға салынған есірткіге ұқсас затты тапты, – делінген ақпаратта.
Тәркіленген заттың марихуана екені расталды. Салмағы – 150 грамм. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.