×

Алматыда студенттер мәйітханадағы мүрделермен ойнаған

Мәйітханада түсірілген видео көпшіліктің ашуын тудырды

 Қанат Атаманов 11.06.2022 | 08:00
Фото: ашық дереккөздерден

Студенттер мәйітханадағы адам мүрделерімен ойнаған. Ол ол ма, ерсі қылықтарын ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Astanatv.kz тілшілерінің хабарлауынша, ақ халат киген жастар суда жатқан мәйіттердің де қолынан ұстап, оны желіге жүктепті. Әлеуметтік желіде жылдам тараған бейнежазба қызу талқыға түсті. Көпшіліктің ашуын тудырды. Онда парақша иесі мәйіттердің дене мүшелерін де жеке-жеке көрсеткен.

Желі қолданушылары парақша иесі Алматыдағы танымал медициналық университетте оқитынын жазған. Ал жоғарғы оқу орнының өкілдері жазба иесін тауып, мән-жайды анықтауға көшіпті.

Психолог Айгүл Қараманова хайп үшін мұндай қадамға барғандардың ауытқуы бар деп есептейді. Ол желіге желіккендерді жазалау қажет деп отыр.

Біріншіден бұл жерде отбасылық тәрбиеге байланысты. Мәйітпен ойнаған адам ол – тасжүрек. Жүрегінде иманы жоқ. Ойының бәрі хайп, тик-ток. Психологиясының ауытқуы бар адам. Тик-токқа заң қою керек қой. Осындай қорқынышты мәйітті, осындай суға секіруге болмайды деген заңды қағидаларды қойса, жастар оған дейін бармайды, - дейді психолог.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама