Соның кесірінен жетінші баласынан жүктілік кезінде айырылып қалған
Алты баласы бар 41 жастағы әйелді күйеуі екінші әйел алуға келіспегені үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Halyq Uni vera.kz-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, көпбалалы ана көп жылдар бойы күйеуінің ұрып-соққанына және оның туыстарының жәбірлеуіне үнсіз төзіп келген. Соның кесірінен жетінші баласынан жүктілік кезінде айырылып қалған.
Ол кетуді тіпті ойламаған, осындай өміріне мойынсұнған. Балаларға тиіспесе екен деп, үндемей төзіп келген. Ал кейінірек күйеуінің тағы бір отбасы құрғанын біліп қалған. Ол отбасыда ұл мен қыз өсіп келеді. Бұл туралы бәрі білген, тек келіншек қана ештеңе білмеген. Бұл әйелді ол бұрыннан танитын. Себебі әйел олардың учаскелік медбикесі болғандықтан жиі келіп тұрған. Ең сорақысы, күйеуі ұрып-соққан кездері медбикеден көмек сұраған сәттерде ол мойынсұнуға кеңес берген, - дейді «Көмек» орталығының директоры Малика Жүсіпова.
Психологтар онымен көп жұмыс істеді. Себебі әйел қатты қиналып қалған. Дағдарыс орталығы оның имиджін өзгертті. Ол ұзақ бейімделу курстарынан, медициналық тексерулерден, терапия курстарынан, массаждан өтті, наубайшы және аспаз мамандығын алып, жұмысқа орналасты. Сонымен қатар психологтар күйеуімен де жұмыс істеді. Өйткені әйел ештеңеге қарамастан, одан кетпеймін деп шешкен.