Көз жұмғандардың екеуі – бала
Торғай-Арқалық тасжолында Lexus көлігі мен Газель автокөлігі соқтығысып, салдарынан 4 адам қаза тапты деп хабарлайды Halyq Uni.
Полицияның мәліметінше, Газель көлігін басып озбақ болған Lexus көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға орнында Lexus көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы көз жұмды. Тағы 1 адам ауруханада қайтыс болған. Көз жұмғандардың екеуі – бала.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар Торғай-Арқалық тасжолының сапасы да тексеріледі.
Жалпы, биыл Қостанай облысында 750 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 37 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 956 адам түрлі дене жарақатын алған.