×

Торғай-Арқалық тасжолындағы алапат апаттан 4 адам көз жұмды

Көз жұмғандардың екеуі – бала

 Халық үні 17.09.2024 | 22:00
фото: WhatsApp-пен тараған сурет

Торғай-Арқалық тасжолында Lexus көлігі мен Газель автокөлігі соқтығысып, салдарынан 4 адам қаза тапты деп хабарлайды Halyq Uni.

Полицияның мәліметінше, Газель көлігін басып озбақ болған Lexus көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға орнында Lexus көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы көз жұмды. Тағы 1 адам ауруханада қайтыс болған. Көз жұмғандардың екеуі – бала.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар Торғай-Арқалық тасжолының сапасы да тексеріледі.

Жалпы, биыл Қостанай облысында 750 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 37 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 956 адам түрлі дене жарақатын алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама