Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Halyq Uni «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 17 қыркүйекте сағат 9:20 шамасында Алаш, Светлая көшелерінің қиылысында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ГАЗель Next-пен Nissan Teana соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Nissan-ның жүргізушісі мен 2 жолаушысы және автобустағы 8 жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері.
Ал «Батыс Дилижанс» ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевич Nissan жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып кеткенін айтады.
Өзіміз де нақты ештеңе білмей отырмыз. Онға жуық жедел жәрдем көлігі келді. Автобус жүргізушісін наркологиялық тексерістен өткізуге алып кетті. Іште отырған адамды шығару үшін көліктің оң жағын кесуге тура келді. Жеңіл көліктің жүргізушісі де ауруханаға кетті. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол өз жолымен кетіп бара жатқан, жеңіл көлік жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шыққан. Асқан жылдамдықпен келе жатқан көрінеді, – дейді Владимир Юркевич.