Halyq Uni логотип
×

«Нұрлы Жол» вокзалында ашулы әйел тамақтану орнындағы заттарды шашып тастады (ВИДЕО)

Көліктегі полиция департаменті оның жеке басы анықталғанын мәлімдеді

 Халық үні 17.09.2024 | 20:45

Астанада «Нұрлы Жол» теміржол вокзалындағы сауда орындарының бірінде ашулы әйел тауарларды шашып, айналаны әбден бүлдірген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге жарияланды. Одан әйелдің тамақтану орындарының бірінің сөресінде тұрған тауарларды лақтырып, қалай болса солай жан-жаққа шашқанын көруге болады. Ашуға булыққан оны бір ер адам тоқтатуға тырысады, бірақ ол оны итеріп жіберіп, айналадағыларға ұрса бастайды.

Ашулы әйел мекеме қызметкерлеріне де дүрсе қоя беріп, ақырында өзге әйелмен бірге қолтықтасып кете барады.

Көліктегі полиция департаменті долы әйелдің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша тексеру амалдары қолға алынды. Қазір әйелдің жеке басы анықталды. Оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама