Батыс Қазақстанда астық қоймасы өртенді
Тағы бір төтенше жағдай тіркелді
БҚО өрт сөндірушілері қоймадағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Орал қаласының Меловые горки ауылында астық сақтауға арналған қоймадан от шықты.
Жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері отпен күресіп, 750 шаршы метр алаңдағы жалынның таралуына жол бермей, оны сөндірді, – деп қосты ведомство.
ТЖМ кәсіпкерлерді жану қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.