СҚО-да 150-ден аса отбасы ювеналды полицияның есебінде тұр

Динара Амантай

Сондай-ақ, 45 адам ата-ана құқығынан айырылды

Фото: polisia.kz

Бүгін басталған «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер түнгі уақытта көшелер мен ойын-сауық орындары бойынша күшейтілген рейдтер жүргізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тексерулер прокуратурамен, білім және қамқоршылық органдарымен бірлесіп жүргізіледі. Петропавл полицейлері баратын отбасылардың бірінде 8 жасар қыз бар. Ата-аналардың екеуі де ішімдікке тәуелді, үйдегі атмосфера осы кезеңде балаға кері әсер етеді. Қазір ювеналды полиция қызметкерлері осы факт бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау үшін материал жинап жатыр. Көбінесе немқұрайлы ата-аналарға түзету мерзімі беріледі, егер комиссияның талаптары орындалмаса, ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы мәселе қаралады.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында полицияда кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 154 ата-ана есепте тұр. Облыс бойынша ювеналды полицейлердің бастамасы бойынша жыл басынан бері 45 адам ата-ана құқығынан айырылды, оның 18-і Петропавлда, тағы 14-інің ата-ана құқығы шектелді (облыс орталығында – 3), – делінген полиция хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің ақпаратына сәйкес, мұндай жайттардың басты себебі – ішімдікті шектен тыс пайдалану, яғни балаларға және олардың әл-ауқатына қамқорлық жасамау. Полицейлердің профилактикалық жұмысы балалардың қараусыз қалуын болдырмауға, жасөспірімдер қылмысын азайтуға, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алуға бағытталған.