Ол астаналық болып шықты
Ақмола облысында заңсыз аң аулаған елорда тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, осы жылдың 14 қыркүйегінде Бұланды ауданының полиция бөліміне Бұланды-Мекен ЖШС қорықшысының заңсыз аң аулау фактісі туралы телефон хабарламасы түсті.
Деректе орман алқабындағы 26 разъезде бас қаланың 42 жастағы тұрғыны тізгініндегі Toyota Prado автокөлігі табылғаны көрсетілген. Оқиға орнына дереу келген тергеу-жедел тобы бұлан ұшасын, 4 мылтық пен 70-тен астам патрон тәркіледі, – делінген ақпаратта.
Бұл жағдайда жүргізушіде табылған қаруға рұқсат құжаттары болған, бірақ оның бұлан аулауға лицензиясы болмаған.
Тәртіп сақшылары заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.