Петропавлда жүзге жуық адам эвакуацияланды

Қымбат Елтайқызы

Солтүстік Қазақстанда төтенше жағдай болды

фото: Halyq Uni

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде тоқсаннан астам адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Петропавлда тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден от шықты.

ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 70 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. 24 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, – деп қосты ведомство.

Тоғыз шаршы метр аландағы жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.