Жасөспірім қызды өрттен құтқарған астаналық марапатталды

Динара Амантай

ТЖД басшысы ер адамға медаль табыстады

Фото: Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі

Елордада өртеніп жатқан пәтерден жасөспірім қызды құтқарып қалған ер адам марапатталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков қаланың тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт кезінде қыз баланың өмірін құтқару барысында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Алтынбек Алтаевты «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің ақпаратына сәйкес, Алтынбек Алтаев 12 тамызда Сығанақ көшесінде 12 қабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде қыз баланы құтқарып қалған.