×

Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы ауысты

Элиманов 2021-2024 жылдары Қаржы мониторингі агенттігін басқарған

 Халық үні 16.09.2024 | 15:42
Фото: primeminister.kz

Жанат Элиманов Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Элиманов 2021-2024 жылдары Қаржы мониторингі агенттігін басқарған, ол 2024 жылдың ақпанынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған еді.

Бұл өзгерістерге байланысты агенттікті басқарған Дмитрий Малахов Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Ал Элимановтың орнына Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама