×

Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы басшысы қызметінен босатылды

Өңірде суды заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық дерегі анықталған

 Халық үні 16.09.2024 | 15:35
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешім ішкі аудит қорытындысы негізінде қабылданған, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.

Тексерістен кейін «Қазсушар» филиалы директоры мен аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ филиал директоры орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймағы басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды, – делінген ақпаратта.

Министрліктің хабарлауынша, «Қазсушар» филиалына тексеріс жүргізілген тексерістен кейін материалдар Бас прокуратураға жіберілді. Енді мекеменің басқа өңірдегі филиалдарына тексеріс жүргізіледі.

Тексеріс барысында Жамбыл облысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық дерегі, сондай-ақ шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтар болғаны анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама