×

«АрселорМиттал Теміртау» цехындағы ТЖ: оқиғаның жай-жапсары айтылды

Топтық жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады

 Қанат Атаманов 11.06.2022 | 00:00
Фото: tengrinews.kz

Төтенше жағдай министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұстапрестеу цехында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

2022 жылдың 10 маусымында сағат 14.30 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорны «Құрылысмет» ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға болды (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы). Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған. Салдарынан 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Топтық жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылатыны айтылады.

Осы тергеудің нәтижелері қосымша хабарланады.

Еске салсақ, бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында төрт адам қаза тапқаны хабарланды. Кейін зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды. Артынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама