×

Жыл басталғалы адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыс тіркелді

9 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Айгерім Таубай 16.09.2024 | 11:39
Фото: Halyq Uni

Елімізде жыл басталғалы адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 6 дерек бойынша қылмыс жасағандар жауапқа тартылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 2020-2022 жылдары елімізде адам ағзасын сату фактісі тіркелмеген.

Ал 2023 жылы ағза сатуға қатысты 5 дерек тіркеліп, оның үшеуі бойынша сот үкімі шыққан. Ал қалған екі жағдай бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

2024 жылдың басынан бері адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркеліп, оның 6 фактісі бойынша қылмыс жасаған адам қылмыстық жауапкерлікке тартылған. Ал қалған 9 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ министрлік кейінгі 5 жылдағы қазақстандықтардың адам ағзасын шет елге сату дерегі бойынша 2  дерек тіркелгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 116-бабында адамның ағзасы мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою әрекеті көрсетілген. Бұл бап 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама