Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысының тұрғыны көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Нұра ауданында ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы әйел ұсталған. Күдікті 64 жастағы көршісінің үйде болмаған сәтін пайдаланып, оның үйіне кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап әкеткен.
Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион 100 мың теңге.
Ұсталған әйел жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.