Үсік және шаңды дауыл: 16 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Елдің солтүстігінле найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Синоптиктер 16 қыркүйектегі ауа райына болжамын жариялады. Соған сәйкес республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы, орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыста, Абай облысы орталығында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді.
Ақтөбе облысында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Қарағанды облысы орталығында, Шығыс Қазақстан облысы оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысы оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.