Halyq Uni логотип
×

20 өңірде IT-орталықтар іске қосылды

Техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертулер енгізіліп жатыр

 Динара Амантай 16.09.2024 | 09:51
20 өңірде IT-орталықтар іске қосылды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту және біліктілігін арттыру мақсатында колледждер базасында өңірлік IT-орталықтар құрылып жатыр. Бұл экономиканың цифрлық трансформациясы мен IT-мамандарға сұраныстың өсуі жағдайында аса өзекті болып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде «IT HUB / JYLYJAI10 IT» өңірлік IT орталығы табысты іске асырылып жатыр. Мұнда «Робототехника», «Графикалық дизайн» және «3D-прототиптеу» бағыттары бойынша білім беру курстары жүргізіледі.

Орталықта 3D-прототиптеу, желілік әкімшілендіру, веб-дизайн, виртуалды және кеңейтілген шындық зертханаларын қоса алғанда 10-нан астам мамандандырылған зертханалар бар. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайт құру және өндірістік прототиптер бойынша ақылы қызметтер ұсынылады. Орталықта сондай-ақ студенттерді WorldSkills және JuniorSkills чемпионаттарына дайындайды.

Өңірлік IT-орталықтар колледж студенттеріне еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи техникалық дағдыларды игеруге, сондай-ақ озық білім беру ресурстары мен бағдарламаларына қол жетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл инновациялық жобаларды дамыту, IT-компаниялармен және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық құру бағытында қосымша мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Айта кетсек, тағы 20 IT-орталықтың ашылуы жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматыдадағы IT HUB Almaty Polytechnic College өз жұмысын осы жылдың қарашасында бастайды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама