Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасына қатысқандарға әлі сый-құрмет жасап жатыр

Халық үні

Ширек финалда өнер көрсеткен Айбек Оралбайды да назардан тыс қалдырмады

фото: instagram.com

Кәсіпкер Сырымбек Тау Instagram-дағы парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Нұрбек Оралбай және Назым Қызайбайға бір-бір көліктен мінгізді. Сондай-ақ олар Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсеткен Айбек Оралбайды да назардан тыс қалдырмады. 

Айбек екеумізді бөліп-жармай, екеумізге де темір тұлпар мінгізді. Алла разы болсын, ағалар! - деп жазды боксшы Нұрбек Оралбай өз парақшасына. 

Ал оларға қандай көлік тарту етілгенін кәсіпкер Сырымбек Тау жариялаған видеодан көруге болады.