Halyq Uni логотип
×

Коронавирустан кейін жасөспірімдердің миы қартайып кеткен

Жасөспірімдер стресске бейім әрі миы да аса сезімтал келеді

 Халық үні 15.09.2024 | 23:52
Коронавирустан кейін жасөспірімдердің миы қартайып кеткен
фото: видеодан скриншот

АҚШ ғалымдары бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясынан кейін жасөспірімдердің миының қартайып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni 31 арнаға сілтеме жасап.

Мамандар жүргізген зерттеуге сәйкес, жеткіншек қыздардың миы орта есеппен 4 жыл 2 айға, ал ер балалардың миы 1,5 жылға қартайып кеткен. 

Ғалымдар өзгерістерді балалардың пандемияға дейін түсірілген ми қыртысының суреттерімен одан кейінгі суретін салыстырған кезде байқаған. Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімдер стресске бейім әрі миы да аса сезімтал келеді. Індеттен кейін балалар миының қартаюының жеделдегені осыдан деп есептейді.

Ғалымдардың дерегіне сәйкес, мұны қалыпқа келтіру үшін жеткіншектерге психикалық қолдау көрсеткен маңызды. Балаларды әлеуметтік желілерден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау қажет дейді олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама