×

Қарағандының орталық саябағында адамдар отырған аттракцион кабинасы құлады (ВИДЕО)

Құқық қорғау органдары болған жайтқа байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

 Халық үні 15.09.2024 | 20:51
фото: ekaraganda.kz

Бүгін Қарағанды қаласының орталық саябағында «Тікұшақ» балалар аттракционының бірінде екі адам – әйел мен бала отырған кабина құлады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Зардап шеккендерді дәрігерлер тексеріп, үйлеріне жіберген.

Айта кетсек, ол аттракцион жеке тұлғаға тиесілі. Биыл мамырда аттракцион маусымы басталғанға дейін техникалық сараптамадан өткен. Иесінде пайдалануға қажетті барлық құжат бар.

Қазір құқық қорғау органдары болған жайтқа байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қарағанды қаласының орталық мәдени демалыс саябағында болған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама