Елордада жаңа аулалар абаттандырылды

Қымбат Елтайқызы

Балалар мен ересектердің демалуына қолайлы жағдай жасалды

фото: Астана әкімдігі

Астанада бірқатар жаңа аула абаттандырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Байқоңыр ауданында Отырар көшесіндегі тағы екі аула абаттандырылды, сондай-ақ «Кирпичный» тұрғын алабындағы Көксеңгір көшесінде жаңа балалар ойын алаңы ашылды, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Аула аумағына екі үй кіреді: Отырар көшесі 4/1 және 4/2. Мұнда 1500-ге жуық тұрғын тұрады. Ауланың ашылуы тұрғындардың қатысуымен салтанатты жағдайда өтті. Абаттандыру барысында балалар ойын алаңы, үлкен футбол алаңы, workout-аймақ, демалуға арналған беседкалар жабдықталды. Сондай-ақ шамамен 2000 шаршы метр асфальт пен тартан жабыны төселді, – деп қосты ведомство.

Сонымен қатар бүгін Байқоңыр ауданының «Кирпичный» тұрғын алабында Көксеңгір көшесінде жаңа балалар ойын алаңы ашылды. Бұл балалар алаңы жаңа балабақша мен №12 мектеп ауданында орналасқан. Осы аумақта 2,5 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бұл кеңістіктегі балалар ойын алаңы тозған және көп жылдар бойы абаттандырудың болмауына байланысты балалар үшін қауіпті болған. Бүгінде алаң жан-жақты абаттандырылып, балалар ойын алаңы мен тұрғындар үшін жайлы кеңістік пайда болды.

Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық ауданында жүргізіліп жатыр, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.