Не үшін екені белгілі болды
Елордадағы бірқатар көше уақытша жабық тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.
15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты бас қаладағы бірқатар көше жабылды, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Астана тұрғындары мен қонақтары көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауы және балама көшелерді пайдалануы керек.