Halyq Uni логотип
×

Алматыда сенбілікте 130 тонна қоқыс жиналды

Қоқыс қала аумағынан шығарылды

 Қымбат Елтайқызы 14.09.2024 | 20:25
Алматыда сенбілікте 130 тонна қоқыс жиналды
фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Қала күні қарсаңында қоғамдық орындарды тазалау бойынша аудандық акциялар өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматыда Қала күні қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жаппай тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға еріктілер мен қаланың коммуналдық қызметтері қатысып, 103 техника мен 1400-ден астам адам жұмылдырылды.

Бүгін әсем қала - Алматы күні қарсаңында белсенді жастар,  жаппай тазалық жұмыстарына қатыстық. Шаһарымыздың тазалығы мен сұлулығын сақтау – менің азаматтық борышым. Сенбіліктің арқасында жаңа достар таптым, командада жұмыс істедім және қаламыздың тазалығына кішкентай болса да үлес қостым, — деді ерікті Дарын Ершатов.

Қатысушылар демалыс аймақтарын, өзен жағалаулары мен бос жатқан жерлерді тазалады. Оның ішінде Бент тоғандары, Үлкен Алматы өзені, Қарғалы өзені және басқа да аумақтар бар. Сондай-ақ, Бұқар Жырау бульвары, Ангарская көшесі, Мұзтау шағын ауданы және басқа да қоғамдық орындар тазартылды.

Сенбілікте қатысушылар шамамен 652 м³ (130,4 тонна) қоқыс жинап, шығарды. Мұндай сенбіліктер шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуға және Қала күні қарсаңындағы дайындыққа үлес қосты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама