×

Экология министрі орман өрті жиі тіркелетін Абай облысында жүр

Ол бірқатар тапсырма берді

 Қымбат Елтайқызы 14.09.2024 | 21:30
фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2023 жылғы өрттердің салдарын жою жұмыстарымен танысу мақсатында Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Каштак орман шаруашылығында министр ТЖМ әскери бөлімдерімен біріге отырып, күйген орманды тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Министр ірі орман өрті салдарын жоюға қолдау көрсеткені үшін ТЖМ қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сапар нәтижелері бойынша өрттен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді, – деп мәлімдеді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Успен орман шаруашылығында министр инвесторлар бригадалары жүргізіп жатқан өрттен зақымданған орманды тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Талқылау барысында министр орман дайындау техникасын лизингке сатып алу мүмкіндігі туралы айтты.

Семей орманы резерватының Семипалатинск, Бородулиха және Новошульбинск филиалдарының аумағын әуеден бақылау барысында орман екпелерінің орман патологиялық жағдайына визуалды баға беріліп, өсімдіктерді қорғау және карантині институтының ғалымдарымен бірлесіп, күйген ормандарға орман патологиялық мониторинг жүргізу, сондай-ақ өртке қарсы тоқсандық жолақтарды кеңейту мәселелері талқыланды. Резерваттағы тоқсандық жолақтардың ұзындығы 13,0 мың километрден асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама