Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жамбыл облысының құтқарушылары дәмханадағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Құлан ауылында жеке тұрған 40 шаршы метр аумақтағы донер әзірлейтін үй-жай жанды.
Жалын толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.