Алматы метросы өнер алаңына айналды

Қымбат Елтайқызы

Ертең – Қала күні

фото: metroalmaty.kz

Қала күніне орай Алматы метросы өнер алаңына айналды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы метросы жолаушыларды ерекше концертпен таңғалдырды: симфониялық және джаз оркестрі пойызды күту сәтін нағыз сиқырға айналдырды. Әдеттегі қарбаластың орнына – музыка мен бекеттерде ұйымдастырылған көрмелер, – деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Жолаушылар ән тыңдап, музей, кітапхана және мемлекеттік архив дайындаған экспонаттармен танысты.

Бұған дейін Алматыда Apple Fest-2024 қалай өтетіні жайлы жазған едік.