Алматы метросы өнер алаңына айналды
Ертең – Қала күні
Қала күніне орай Алматы метросы өнер алаңына айналды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы метросы жолаушыларды ерекше концертпен таңғалдырды: симфониялық және джаз оркестрі пойызды күту сәтін нағыз сиқырға айналдырды. Әдеттегі қарбаластың орнына – музыка мен бекеттерде ұйымдастырылған көрмелер, – деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Жолаушылар ән тыңдап, музей, кітапхана және мемлекеттік архив дайындаған экспонаттармен танысты.
Бұған дейін Алматыда Apple Fest-2024 қалай өтетіні жайлы жазған едік.