Қызылордада жарылыстың алды алынды
Оқиғаның себебі анықталды
ТЖМ өрт сөндірушілері жалын кезінде екі газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қызылорда қаласында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылысы жанды.
12 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалыннан екі газ баллонын алып шықты, – деп қосты ведомство.
Оттың себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Министрлік азаматтардан тұрмыста қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.