Астанада Қорғалжын тас жолы жабылды
Жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елордадағы Қорғалжын тас жолының учаскесі ішінара жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылына жақындағанда Қорғалжын тас жолының оң жағында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.
Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы қосымша берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады, – деп қосты жергілікті әкімдік.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.