Алматы облысында 3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жер саласында тағы бір заңбұзушылық анықталды
Алматы облысында үш мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп мониторинг жүргізді. Олар тексеру барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағанын анықтады.
Балқаш ауданы әкімдігінің бұйрығы негізінде көлемі 3000 гектарды құрайтын учаске шаруа қожалығын жүргізу үшін он жылға пайдалануға берілген еді, – деп мәлімдеді Жер ресурстарын басқару комитеті.
Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5-ші тамыздағы шешімімен бұрынғы қаулының күші жойылып, жер мемлекетке қайтарылды.