Halyq Uni логотип
×

Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың туыстарына көңіл айтты

 Қанат Атаманов 10.06.2022 | 20:30
Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың туыстарына көңіл айтты
Фото: ашық дереккөздерден

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама