Өлім мен салықтан қашып құтылмайсың – Қаржы вице-министрі
Трансферттер туралы заң да жаңартылды
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қарулы күштерге жұмсалатын қаражатты ұлғайту туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар туындағанмен, бірінші кезектегі қажеттіліктер мен талаптар қамтамасыз етіледі.
Әрбір орган мен әкімшілікке арналған нақты параметрлер бар: сарбаздарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу-жаттығулар өткізудің барлығы бюджет есебінен алынады.
Қажетті сомаларға келетін болсақ, салық кодексін қабылдаймыз, онда резервтер қарастырылған. Трансферттер туралы заң да жаңартылды. Басқа да құралдар мен валюталық бақылау бар. Бұл тұрғыда бизнес өкілдерінің салыққа жауапкершілігі анық көрінеді. Салықтан ешкім қашып құтыла алмайды. Өлім мен салықтан қашып құтылмайсың, - деді Ержан Біржанов.