Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді
Олар тұрғындардың жеке деректерін алуды көздейді
Павлодарда алаяқтар қазақстандықтарға «электр есептегіштерді тегін ауыстырамыз» деп хабарласып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұрғындардан мұқият болуды, телефонға келген SMS-кодты ешкімге айтпауды сұрайды.
Соңғы уақытта қалада өздерін аталған кәсіпорын қызметкерімін деп қоңырау шалатындар көбейген.
Олар электр энергиясын есепке алу құралдарын, электр есептегіштерді тегін ауыстыруды ұсынады. Осылайша, ұялы телефонға келетін SMS-тегі кодты айтуды сұрайды. Бұл – алаяқтардың әдісі. Олар жеке деректерді алғысы келеді. Сондықтан сақ болыңыздар, - деді «Павлодарэнергосбыттың» баспасөз қызметі.
Ақпараттың шынайылығын тексеру үшін компанияның байланыс орталығына хабарласа аласыз:
- 8 (7182) 903-309;
- 8 (701)0317323.