×

Ауруханалар мен жедел жәрдем лаңкестердің шабуылына ұшырады - премьер дәрігерлерге алғыс айтты

Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды да қозғады

 Халық үні 12.01.2022 | 09:59
фото: Әсет Құндақбаев (Алматы)

Оның айтуынша, елорда, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында коронавируспен науқастану күрт өсіп, олар «қызыл аймаққа» өткен. Ал алты өңір «сары аймақта» тұр.

Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша шараларды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер ПТР-тестілеу санын ұлғайтсын, жедел мониторинг жүргізіп, медицина қызметкерлері мен ауруханаларда резервтік орындардың даярлығын қамтамасыз етсін. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қадағалау қажет. Үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысын жандандырып, оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына жол бермеу шараларын қабылдау қажет, – деді премьер-министр.

Смайыловтың мәліметінше, ревакцинация жасау қарқыны да өте төмен. Сондықтан ол Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге халыққа ревакцинация жасау қарқынын барынша арттыруды тапсырды.

Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы тиіс. Ералы Лұқпанұлы, жалпы бақылау сізге жүктеледі. Сонымен қатар орайлы сәтті пайдаланып, барлық медицина қызметкеріне шынайы алғысымды айтқым келеді. Ел үшін сын сағатта олар зардап шеккендер мен жараланғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. Медиктер, ауруханалар мен жедел жәрдем машиналары лаңкестердің шабуылына да ұшырады. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерге еңбектеріңіз бен батылдық танытқандарыңыз үшін, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге әзірліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!, - деді үкімет басшысы.

Бұған дейін премьер «халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді» деген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында 8 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды

Ол 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды
01.04.2023 | 10:20

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45