Halyq Uni логотип
×

Жаңа өзгеріс енгізілген «Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады

Шәкіртақыны да кіріс ретінде қараймыз, - деп жазды Нұрлан Ақшанов

 Халық үні 12.09.2024 | 21:36
Жаңа өзгеріс енгізілген «Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
фото: svao.mos.ru

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы келесі жылы қайта іске қосылады. Бағдарлама әйелдерге өз баспанасын алуға қолайлы мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл жаңалықты «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Facebook-тегі жеке парақшасына жариялады. Оның айтуынша, ипотеканы алу үшін алғашқы жарна ретінде несиенің 20 пайызын «Отбасы» банкінің депозитінде сақтау қажет. Іріктеу кезінде депозиттегі жинақталған сыйақының көлемі маңызды рөл атқарады. Қатысушыларға ешқандай кезекте тұрудың қажеті жоқ. Ал пәтерді кез келген қаладан немесе ауылдан сатып алуға болады.

Бұрын 4 қалаға – Астана, Алматы, Атырау, Ақтауға өтінімдер көлемі бойынша шектеулер болған. Енді бұл шектеулер де жойылды. Айтпақшы, біздің банкте бірге қарыз алушы ата-аналардан бастап, күйеуі, ересек балалары, құрбылары, достары мен туыстары бола алады. Шәкіртақыны да кіріс ретінде қараймыз. Қызыңызға жаңа қалада пәтер алғыңыз келсе, әйелдер ипотекасын неге пайдаланбасқа? - деп жазды Нұрлан Ақшанов.

Бағдарламаға кез келген отбасылық мәртебеге ие әйелдер қатыса алады. Әрі ол әйелдің бірінші, екінші немесе үшінші пәтері болуы мүмкін.

Қатысушылардың табысы 900 мың теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар әйелдер өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып, жақын туыстарының ақшасын да депозитке аударуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама