×

Павлодарда мұғалім оқушылардың көзінше суға батып кетті

Оқытушы өзі өзенге асыққан

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2022 | 17:46
фото: pavlodarnews.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Олег Трещев хабарлады.

Ол Усолка өзенінде Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеті жоғары колледжі мұғалімінің суға батып кеткенін айтты.

Мұғалім колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсеткісі келген. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған, – деді Олег Трещев.

Оның айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда, ұстаз өзі өзенге барғысы келген. 23-24 жастағы жас ұстаз еді, – деді ол.

Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама